Ссылки доступа

Талибтер Тәжікстан жағына қарай ығысып жатыр


Ауған билігі «Тәлибан» қозғалысы қысымнан кейін алдын басып алған аумақтан ығысып, Тәжікстан шекарасына қарай бет алды деп хабарлайды.

Тахор провинциясы басшысының баспасөз хатшысы Суннатулло Темур 29 қазанда Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) берген сұхбатында шиеленіс аймағына қосымша әскери күштердің келгенін айтты. Алдын басып алынған аумақты босату операциясын Тахор мэрі Мухаммадясин Зиёнің өзі басшылық етуде екен. Ол қазір Ходжагор уәлаятында. Суннатулло Темур сонымен бірге кеше кешкісін кемінде «Тәлибанның» 20 содыры қайтыс болғанын айтты. Көтерілісшілердің ішінде Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтарының бар екені анықталған.

Даркад уәлаятының орталығы бұрынғыдай тәлибердің бақылауында, бірақ Суннатулло Темур қала бірнеше сағаттан соң толық босатылады деген сенімде.

Тәлибтер 28 қазанда көрші Құндыз елді мекеніндегі Дашті Арчиді тастап кеткен соң, Даркад пен Ходжагорды басып алған болатын.

XS
SM
MD
LG