Ссылки доступа

Ольга Голодец: «Қандай ұлт болмасын бала өмірі – ол бала өмірі»


Ресей үкіметі Санкт-Петербургте қайтыс болған тәжік отбасының бес айлық сәбиінің өлімін жіті зеттеуді талап етеді деп Ресей вице-премьері Ольга Голодец журналистерге мәлімдеді.

«Іс тергеу комитетіне берілді. Барлық жағдайды тексереді. Қандай ұлт болмасын бала өмірі – ол бала өмірі, оған бейжай қарауға болмайды» , - деді Голодец.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова сәбидің неден өлгені жөнінде жан-жақты тексеруге тапсырма берді.

«Коммерсантъ» газеті тәжік мигранттарының бес айлық баласының өлімі қоғам наразылығын туғызып, СІМ, Бас прокуратураға, Тергеу комитетіне шағым түсіруге себеп болды деп жазған еді. Сәби 14 қазанда миграциялық заңды бұзды деп шешесінен тартып алынған кейін, бір тәуліктен соң, ауруханада көз жұмған.

XS
SM
MD
LG