Ол бұл мәлімдемесін жұма күні Венадағы конференцияның ашылу рәсімі кезінде айтты. Оның сөзінше, жиында бас қосып жатқан жоғары лауазымды шенеуніктер Сирия президенті Башар Асадтың биліктен кезеңмен кету және сайлау өткізу жөніндегі «жол картасын» қабылдайды деген сенімде.
Сирия келіссөзінде бірінші рет Ресеймен альянс құрған Иран қатысып отыр. Ал Сауд Арабия, Түркия және Катар елдері батыстың көзқарасын қолдайды.