Ссылки доступа

Мәскеуде антипутин плакатымен шыққан белсендіні ұстады


Russia – Civil activist Vladimir Ioinov in Moscow
Russia – Civil activist Vladimir Ioinov in Moscow

Мәскеу полициясы Манеж алаңында "Путин бар - ақыл керек емес" деген жазуы бар плакат ұстаған қызды тұтқындады.

Твиттердегі белсенділердің жазуына қарағанда, қыздың ол аты- жөні Мария Рябикова.

24 қазанда белгісіз біреу Мәскеудің Тарих мұражайының алдында "антипутин" пикетіне қатысып, плакат ұстап тұрған 75 жастағы Владимир Ионовке қастандық жасады. Сол секілді 29 қазанда да "Баррикадная" метросының алдында ЛГБТ белсендісіне қарсы әрекет жасалған.

XS
SM
MD
LG