Ссылки доступа

Керри Астанада Назарбаевпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу жабық түрде өтіп, журналистер кіргізілмеді. Кездесуде нақты не талқыланғаны туралы ақпарат жоқ. Кездесуде Қазақстандағы адам құқығы жағдайы талқыланғаны ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Ақорданың мәліметінше, Назарбаев кездесуде Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздану мен оны таратпау мәселелері бойынша ынтымақтасатынын айтқан.

Ал Керри АҚШ-тың Қазақстанның ірі инвесторларының бірі екенін айтып, бүгін өзі кездескен Америка сауда палатасы өкілдерінің Қазақстандағы жетістіктеріне көңілі толатынын жеткізген.

Керри Астанаға 1 қараша күні Орталық Азия елдеріне сапары аясында келген. Назарбаевқа дейін ол Қазақстан премьері Кәрім Мәсімовпен және сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескен.

XS
SM
MD
LG