Ссылки доступа

Бүгін Қырғызстан парламентінде коалицияның құрамы белгілі болады


Бүгін Қырғызстанда парламенттік коалицияны құрылымдау жөніндегі келіссөздердің нәтижесі белгілі болады. Бұл жөнінде Жогорку Кенештің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қырғызстанның Социал демократиялық партия фракциясының лидері Чыныбай Турсунбеков парламенттік көпшілік барлық фракцияның лидерлерімен келіссөздер жүргізді деп хабарлады.

Оның сөзінше, келіссөздер аяқталған. Нәтижесінде Жогорку Кенеш пен үкіметтің құрылымы жөнінде ортақ шешімге келген.

Алдын "Кыргызстан", "Ата Мекен" және "Онугуу-Прогресс" коалиция құрамына енуге келісім бергендіктерін айтқан.

Ал "Бир Бол" коалиция құрамына кіруден бас тартып, оппозициялық азшылық қатарында қалатындықтарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG