Ссылки доступа

Лавров "Орыс әлеміне" қолдау білдіру маңызды деді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан орыстілді адамдар мен "Орыс әлеміне" қолдау көрсету Ресейдің сыртқы саясатының басым бөлігі деп атап өткен.

Ол бұл жөнінде 2 қарашада "Российская газета" басылымына берген мақаласында айтқан.

"Президент Владимир Путин бірнеше рет атап өткендей, халықаралық құқықтарға сәйкес, біз отандастарымыздың құқығын барлық арсеналда қорғайтын боламыз», - деп жазған Лавров мақаласында.

Бұл мақала Мәскеуде ашылатын бүкіләлемдік ресейлік отандастардың конгресі қарсаңында жарияланып отыр.

XS
SM
MD
LG