Парламенттік коалицияның лидері болып социал-демократ Чыныбай Турсунбеков сайланды. Ал «Республика-Ата-Журт» және «Бир Бол» коалициясы бұл құрамға енбеді.
Ендігі отырыста Жогорку Кенеш спикерлігінеАсылбек Жээнбековтің және премьер-министрлікке Темир Сариевтің кандидатураларын қарамақ. Депутаттар сонымен бірге вице-спикерліктің санын бесеуден екеуге дейін қысқартып, парламент пен үкіметтің жаңа құрылымын анықтамақ.