Ссылки доступа

Шешенстанда Рамзан Кадыровқа қарсы қастандықтың алдын алған


Интерфакс «Грозный» телеарнасына сілтеме жасап құқық қорғау органдары Рамзан Кадыровқа жасалмақшы болған қастандықтың алдын алған деп хабарлайды.

«Ұсталғандар Кадыровқа қарсы теракті ұйымдастырмақ болған. Осыған қарамастан, аймақ басшысы жастарды кешіріп, олардың өздерін түзетуіне мүмкіндік берді», - дейді телеарна таратқан хабарламада.

Алдын Кадыров уаххабит идеологиясын ұстанатын жастармен кездесіп, олардың түзу жолға түсуіне көмектескендігі жөнінде жазылған болатын.

«Мен күнделікті жастармен ресми емес жағдайда кездесемін. Жексенбі күні Аргун ауылының жастарымен кемінде бес сағаттай әңгімелестім. Олардың 20 шақтысы уаххабит идеологиясын қолдайтыны анық болды», -деп жазады Кадыров өзінің Instagram парақшасына.

XS
SM
MD
LG