Ссылки доступа

Бразилияда бір жарым жастағы бала улы жыланды өлтірген


Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Мостардас қаласында Лоренцо есімдді бір жарым жастағы бала үйінің ауласы алдындағы улы жыланды жарып өлтірген. Бұл жөнінде Radio Gaucha хабарлайды.

Баланың анасы Джейн Ферейраның айтуынша, ол үйінен шыққанда ұлының жыланмен оны қалай тістелеп ойнап жатқанының куәсі болған. Ол күйеуін көмекке шақырып, Лоренцоның қолындағы жыланды босатқызуға мәжбүр болған.

Оқиғадан кейін баланы бірден қалалық ауруханаға апарған. Дәрігерлер оның сап-сау екенін, денесінің уланбағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG