Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік хатшысы Орталық Азияға сапарын аяқтады


АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында, әсіресе Түркіменстанмен диалог қарқынды дамуға бет алды.

Сейсенбі күні Ашхабадта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесу алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри осылай деді. Оның сөзінше, 1992 жылдан бері америкалық дипломатия басшысының Түркіменстанға жасаған бірінші сапары екен.

Керри Самарқанда сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде аймақтардың экономикалық дамуы, шекаралардың жағдайы және қауіпсіздігі жөнінде маңызды әңгіме болғанын атап өтті.

Алдын Керри Душанбеге сапары кезінде президент Эмомали Рахмонға Ауғанстанмен шекараны күшейтуге және астыртын жұмыс істейтін исламшылдармен күресуге қолдау білдіретінін жеткізген болатын.

Керри Орталық Азия елдеріне сапарын аяқтады. Өткен аптада ол Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанда болды.

XS
SM
MD
LG