Ссылки доступа

Flightradar24: А321 ұшуы маңызды оқиғаны үзіп жіберген


Египет әуесінен ұшқан «Когалымавиа» ресейлік компаниясының А321 ұшағы маңызды оқиғаны үзіп жіберген. Осылай деп ұшақтардың ұшу режимін қадағалайтын Flightradar24 сайтының есебінде жазылған. Есеп франсуз және египеттік эксперттердің өтініші бойынша дайындалған.

Радар мәліметтері ұшақтың вертикальды жылдамдығы бар болғаны бір секундтың ішінде құлдырап барып, биіктігін жоғалта бастаған.

Биіктікте 10 километрдей болып, минөтіне 175 метр жылдамдықпен жоғарыға ұмтылған. Бірақ минөтіне 100 метр жылдамдығын жоғалта бастаған. Бірнеше секундтан кейін, жылдамдық төмендеп, минөтіне екі жарым километрге төмендеген.

Бірқатар сарапшылардың болжамы бойынша, алаңға түскен қалдықтарға қарағанда, ұшақ әуеде шашылып қалған. Себебі әлі белгісіз. Мамандар қара жәшікті тексеруге кіріскен. Апаттың ресми себебі әлі жарияланбады.

«Когалымавиа» ұшағы Египетте 31 қазанда таңертең апатқа ұшыраған. 224 адам қайтыс болған. Бұл әуеапаты Ресей және совет тарихындағы ең көп адам өліміне әкелген оқиға болды.

XS
SM
MD
LG