Ссылки доступа

Астанада Орталық Азиялық бітімгерлік корпусын құру ұсынылды


Армейская бригада Назарбаева
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

Астанада Орталық Азиялық бітімгерлік корпусын құру жөнінде бастама көтергендер, оның БҰҰ-ның қамқорында болу керектігін айтып, штаб-пәтері Қазақстанда орналасу керек деп есептейді.

Бұл бастама бірнеше қоғамдық ұйым тарапынан көтеріліп, "Президент Назарбаевтың алғашқы сарбаздары" деп аталатын республикалық форумда жасалды.

"Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағы" жетекшісі Мұрат Мұхамеджановтың сөзінше, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан кіретін бітімгерлік контингентін құру аймаққа қандай да бір қауіп-қатер төнген жағдайда жедел әрекет ету мақсатында керек.

Жиында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы бригада не дивизия құру туралы ұсыныс та айтылды.

Форумды "Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағы" ұйымы мен "Қайсар" әскери-патриоттық клубының Маңғыстау өңірлік лигасы" ұйымы ұйымдастырған.

XS
SM
MD
LG