Жұмыс тәртібі бойынша, үкімет басшылығына ұсынылған кандидатқа депутаттар сұрақ қою керек. Алайда жұмыс күнінің соңында премьер-министрлікке ұсынылған Темир Сариевке сұрақ қоюшылар саны күрт өскен. Сол себептен талқылауды бейсенбіге қалдырған.
Ұсынылған жоспар бойынша, вице-премьерлер саны төрттен үшке дейін қысқарады. Сонымен бірге министрлер саны 14-тен 12-ге дейін кемімек. Екі мемлекеттік комитет пен екі холдинг құрылып, мемлекеттік агенттіктер саны 28-ден 24-ке дейін азаймақ.