"Мәскеу Сирия қарулы күштерінің көтерілісшілерге қарсы шабуылына қолдау көрсету үшін құрлықтағы әскерінің санын өсіріп жатыр", - деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд.
Ол сонымен бірге Мәскеудің Сириядағы "адамгершіліксіз" әуе кампаниясына күніне 2 миллионнан 4 миллион долларға дейін қаражат жұмсалатынын тілге тиек етіп, бұл кампанияның әуе соққыларының дені азаматтық тұрғындарға қарсы бағытталғанын жеткізді.