Ссылки доступа

Оңтүстік Суданда құлаған АН-12 ұшағы тәжік компаниясына тіркелген


4 қарашада Оңтүстік Суданда құлаған АН-12 ұшағы тәжіктің Asia Airways әуе компаниясына тиесілі.

Компанияның бас директоры Нарзикул Хамроев лайнер Біріккен Араб Әмірлігіне тіркелген судандық Allied Services Limited әуе компаниясынан алынған деп мәлімдеді.

Ұшақ шамамен 800 метр биіктіктен Жуба әуежайының төбесінен құлаған.

Бортта 12 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Экипаж мүшелерінің ішінде бесеуі армян және біреуі ресейлік азамат. 12 жолаушының бәрі судандық. Апаттан аман қалған үшеуі Оңтүстік Судан азаматтары. Апаттың себебі әлі белгісіз.

XS
SM
MD
LG