Ссылки доступа

Ресей Сирияға артиллерия апарғанын растады


Ресей армиясы әскери-ғарыштық күштерінің қолбасшысы Виктор Бондарев Ресейдің Сирияға зениттік зымыран кешендерін жеткізгенін растады. 5 қарашада "Комсомольская правда" басылымында жарияланған сұхбатта Бондарев артиллерияны "барлық ықтимал қауіп-қатерге жауап беру" үшін жөнелткенін айтады.

Ол мысал ретінде "Сирияға көрші елде әскери ұшақтарды айдап әкетіп, Ресей әскеріне қарсы пайдалануы мүмкін" екенін келтірген. Бірақ ол Сирияға нақты қандай зымырандардың орналастырылғанын айтпады.

Бондаревтің сөзінше, Сирияда Ресейдің 50-ден астам әскери ұшағы мен тікұшағы бар.

Кеше АҚШ мемлекеттік департаментінің Еуразия және Еуропа істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд Ресей Сирияның Хомс пен Хама қалалары маңындағы соғыс қимылдары жүріп жатқан аудандарға ауыр артиллерия мен құрлықтағы әскерін орналастырды деп мәлімдеген.

Мәскеу қыркүйектің соңында Сирияда әуе шабуылдарын "террористердің көзін жою" үшін бастағанын айтады. Бірақ АҚШ пен оның одақтастары Ресей әскери операцияны Сирия президенті Башар Асадты күшейту үшін бастады дейді

XS
SM
MD
LG