Темір Сариев депутаттарға өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, үкіметтің "ашық, әділ әрі жауапкершілікпен жұмыс істейтінін" айтты.
Үкіметтің жаңа құрамында вице-премьерлер саны төрттен үшке, министрліктер саны 14-тен 12-ге, мемлекеттік агенттіктер саны 28-ден 24-ке қысқарды. Есесіне 2 мемлекеттік комитет пен 2 холдинг құрылды.
Қырғызстанда үкімет жаңа сайланған Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты 28 қазанда отставкаға кеткен болатын.