Ссылки доступа

Өзбекстанның ұлттық гвардиясы шабуылға дайындық жағдайында жасақталған


3 қарашаның түнінде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің Тәшкент гарнизонының жеке құрамы және өзбек астанасының құқық қорғау органдары толығымен шабуыл жағдайында жасақталған.

Озодликтың (Өзбек қызметі) ақпарат көзіне қарағанда Тәшкенттің құқық қорғау органдары, әскери және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің офицерлері күшейген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

– 18 сағат бойында біз үзіліссіз жұмыс істеп жатырмыз. Үйге де жібермейді. Жеке құрамға тіптен мобильді телефон пайдалануға да рұқсат бермей жатыр, - деген Озодлик радиосына Тәшкент қаласы Юнусабад құқық қорғау органының қызметкері.

Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан Сирия, Ирак және Ауғанстан содырлары Өзбекстан аумағына басып кірмекші деген ақпарат тараған болатын. Әзірге өзбек арнайы қызметі Өзбекстанға кірмекші болған содырлардың нақты саны жөнінде ешқандай ақпарат бермеді. Алайда елде тұтастай қауіпсіздік шаралары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG