Ссылки доступа

Назарбаев Францияда жекешелендіруге қатысты инвесторларды шақырды


​Франциядағы сапары барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев франсуз кәсіпкерлерін қазақстандық ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырды деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында бүгінде Қазақстанда жүзге жуық франсуз компаниясы жұмыс істейтіні айтылған.

Астана мен Франциядағы іскер адамдар арасындағы келісім негізінен уранды Францияға жеткізу, автокөлік өнеркәсібі, сумен жабдықтау, қалдықтарды кәдеге жарату және басқа бағытта болған.

Назарбаев Қазақстан экономикасындағы негізгі активтерді сатып алуға қатысуға шақырды. Оның ішінде таулы- металлургиялық кәсіпорындардың мемлекеттік үлесі, мұнай өндіру саласы, энергетика, көлік, байланыс және инфрақұрылым нысандары кіреді.

XS
SM
MD
LG