Ссылки доступа

Түркия "Ислам мемлекетіне" қарсы операциясын бастамақ


Түркия жақын күндері "Ислам мемлекетіне" қарсы операциясын бастауды жоспарлап отыр деп мәлімдеді сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоглу. Бұл жөнінде Daily Sabah басылымы хабарлайды.

"ИМ" біздің өмір сүру салтымызға қауіп төндіріп отыр. Біздің жақын күндері оларға қарсы әскери шабуылдау жоспарымыз бар. Оны өздеріңіз көресіздер. Біз барлығымыз бірге қарсы тұруымыз керек", – деді ол.

Алдын 28 қазанда Туркия прокуратурасы Анкарада орын алған жүзден астам адамның өліміне әкелген екі теракктіні "Ислам мемлекетінің" содырлары жасады деп мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге түрік тергеушілеріСуруч қаласында орын алған 27 адам өліміне әкелген терактіні және Диярбакыр қаласындағы жарылысты да ИМ қолынан шыққан деп есептейді.

XS
SM
MD
LG