Ссылки доступа

Назарбаев Франция президентін "Достық" орденімен марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландпен кездесу барысында оны бірінші дәрежелі"Достық" орденімен марапаттады.

Парижде екі тарап бірқатар құжатқа қол қойды деп хабарлайды президент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Келіссөз нәтижесі бойынша Қазақстан президенті пен Франция президенті бірлескен декларацияға қол қойған. Астанадағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне Францияның қатысуы жөнінде келіскен. Ғарыш айлағы бойынша ынтымақтастық жөнінде декларацияға қол қойған. Сонымен бірге екі елдің білім министрліктері өзара білім және ғылым саласын дамытуға қатысты келісімге келген.

Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен 5 қарашада келді. Ол франсуз кәсіпкерлерімен кездесіп, оларды Қазақстандағы жекешелендіруге қатысуға шақырған болатын.

XS
SM
MD
LG