Оның сөзінше, өткен парламент сайлауы сайлау науқанына өте көп қаражат жұмсалатынын көрсеткен.
"Президент сайлауында да дәл солай болады. Ақшасы көп байлардың бәрі президент болғылары келеді. Біздің халық сенгіш. Мен елді басқаруға елді "киоскі" деп, халықты қой деп санайтын жаңа Максим Бакиевтер келмейді деп сенемін. Халық лайықты тұлғаны таңдау керек", -деді президент Атамбаев.
Атамбаев сонымен бірге президент сайлауына миллионын шашқан адам, билікке келген соң, сол ақшасын өндіріп алуға тырысып, халықты тонайды. Ондайға жол бермеуіміз керек дегенді айтты.