Ссылки доступа

Балтық елдері Ресейден "советтік оккупация үшін" өтемақы төлеуді сұрайды


Балтық елдерінің әділет министрліктері бейсенбі күні Ригада ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойып, онда Ресейді Совет Одағының мұрагері ретінде "советтік оккупация" жасағаны үшін өтемақы төлеу жөнінде шағымдануға ниетті екендіктерін мәлімдеген. Осылай деп Интерфакс хабарлайды.

Бұл шағымға алғашқы қадам жасау үшін, алдымен советтік жүйе келтірген залалдың біріңғай шығынын шығармақ. Осыдан кейін олар халықаралық заңдарға сәйкес әрекет етпекші. Мәселен Эстония Совет Одағы келтірген залалдың шығынын есептеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп, 2004 жылы қорытындылаған.

XS
SM
MD
LG