Ссылки доступа

Қырғыздың «Сутак» фильмі Индиядағы кинофестивальде екінші орын иеленді


Қырғызстан режиссері Мирлан Абдыкалыковтың «Сутак» картинасы Индияда өткен Jio Mami Mumbai кинофестивалінде екінші орынды иеленді. Бұл жөнінде киносыншы Гульбара Толомушева хабарлады.

Оның сөзінше, байқауға 25 елден 15 кино картина қатысқан.

«Сутак» осыған дейін де халықаралық фестивальдердің жүлдесін алған. Бүгінде ол Германия кинофестиваліне қатысуда. Мұнан бөлек «Оскардың» «Ең үздік шетел фильмдері» номинациясынан үмітті.

XS
SM
MD
LG