Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ әскери комиссариат қызметкерлерін өлтірген адамды тапқанға 10 мың доллар бермекші


Тәжікстанның ІІМ республика халқынан әскери комиссариат қызметкерлерін өлтірген адамның қайда жасырынғанын, олардың кім екенін білетіндер болса құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды.

Тапқан адамға 10 мың доллар сыйақы бар екенін де мәлімдеді. ІІМ құпиялылыққа толық кепіл береміз деп уәде береді.

​Тәжікстан қорғаныс министрлігі болса, бұл қылмыстық әскерге мәжбүрлі түрде шақыруымен еш қатысы жоқ екенін айтады. Оқиға Сино әскери комиссариатынан тыс жерде орын алған. Нақты себебі әзірге белгісіз.

ІІМ мәліметі бойынша, белгісіз біреулер әскери комссариаттың төрт қызметкеріне шабуыл жасаған. Екеуі сол жерде жан тәсілім етсе, екеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG