«Жаннат ошиклари» сонымен бірге «Таухид валь-Джихад» (ТВД) деген атпен де белгілі. Құрамында этникалық өзбектер көп делінеді. Ошақтары Алеппо провинциясында орналасқан. Таяуда бұл топ «Әл-Кайда» ұйымына адал екендіктерін білдіретін ант қабылдаған.
Өзбек БАҚ-тың хабарлауынша бұл топтың өкілдері көбінесе Өзбекстан азаматтарын тартады. Солармен жұмыс істейді.
Қырғызстанда наурыз айында «Ислам мемлекеті», «Әл-Нусра майданы» және «Имам Бухари Джамаат» ұйымының қызметіне ресми тыйым салған. Осы айда мәлімдеме жасаған Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті елдің Сирияға кетіп жатқан азаматтардың 80 пайызы этникалық өзбектер екенін айтқан болатын.