Ссылки доступа

Джон Леннонның гитарасы аукционда 2,4 миллион долларға сатылды


Лос-Анджелестегі Julien's аукционында бір кездері Джон Леннонға тиесілі болған J-160E Gibson гитарасы сатылды. Гитараның аукциондағы құны 2,4 миллион долларға жеткен.

«Голос Америка» сатып алушы жөнінде ақпаратты ашқан жоқ.

Аукциондық үй бұл аспаптың әйгілі «Beatles» тобына қатысы бар екенін жазған.

Julien's мәліметі бойынша, гитара 1963 жылдың желтоқсан айында Beatles тобының рождестволық концертінен кейін, Лондонның Финсбери саябағында жоғалып кеткен.

Леннон мен Джордж Харрисон бұл гитараны 1962 жылы Gibson фирмасынан сатып алған. Америкадан Англияға арнайы тапсырыс бойынша жеткізілген.

XS
SM
MD
LG