Ссылки доступа

Астанада нанды «саясиландырмауға» шақырады


​Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков парламент депутаттарын нан бағасының қымбаттауын саясиландырмауға шақырды.

«Біз бұл сұрақты саясиландырмауымыз керек, бұл таза экономикалық мәселе — біз бұл полемиканы аяқтауымыз керек. Ия, халықтың кейбір бөлігіне көмек қажет. Біздің позициямыз осындай», - деп Мамытбековтің сөздерін айғақ ретінде жазады ақпарат агенттіктері.

Мамытбековтің сөзінше, бұл салаға инвестиция мен жаңа технологияның жетіспеушілігі мемлекеттің араласуы салдарынан туындап отыр. Министр нан бағасын реттеудің орнына, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасына көмектесу керек деп есептейді. Ол соңғы бес-алты жылда нан бағасын ұстап тұру үшін мемлекет қазынасынан 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалғанын айтты.

Ол нан бағасын ұстап тұрудың орнына арнайы топқа көмектесу арқылы мемлекет бюджетінің 1,5 млрд теңгесін (шамамен бес миллион доллар) үнемдеуге болады деген сенімде.

XS
SM
MD
LG