Ссылки доступа

Тәжікстанда Мирзо Зиёевтің жақтастары ұсталған


Тәжікстанда биліктің пікірі бойынша, елге төңкеріс жасамақ болған бұрынғы оппозиция командирінің жақтастары ұсталған.

Озоди радиосының (Азаттықтың тәжік қызметі) ақпарат көзі 9 қарашада ұсталған азаматтардың бәрі бұрынғы біріккен тәжік оппозициясының лидері Мирзо Зиёевтің жақтастары болғанын айтады.

Мирзо Зиёев бұрынғы біріккен тәжік оппозициясының жетекшісі. Ол 1997 жылы билікпен бейбіт және келісімге келгеннен кейін, Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрлігін басқарған. Алайда 2009 жылы ол кісі қолынан қаза тапты. Ресми мәлімет бойынша, оны өзінің жақтастары өлтірген.

XS
SM
MD
LG