Ссылки доступа

Reuters Путин қызына қатысты ақпаратты барынша тексеріп жатыр


РБК агенттігінің хабарлауынша, Reuters агенттігінің өкілінде "Газпромбанктің" басқарма басшысы Андрей Акимовтің Катерина Тихонованы Ресей президентінің кіші қызы екенін растайтыны туралы жазба бар.

Алдын сейсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков және "Газпромбанк" басшысы Андрей Акимов Reuters агенттігінде жарық көрген Путиннің қызы және оның күйеуі Кирилл Шамалов екі миллиард доллар көлеміндегі активке иелік етеді деген ақпаратты теріске шығарып, Путиннің қызы кім екенін білмейтіндіктерін хабарлаған болатын.

Осыған дейін БАҚ-та Путиннің кіші қызы фамилиясын Тихонова деп өзгертіп, Мәскеу мемлекеттік университеті базасындағы ғылыми кластер - "Иннопрактика" компаниясын басқаратыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Бірақ бірде бір ресми тарап бұл ақпараттың рас-өтірігі жайында мәлімет бермеген.

XS
SM
MD
LG