«Шенеуніктердің көліктерін төңкеріп тастауға шақырған азаматтар бар. Бірақ оларды қазіргі фермерлердің жағдайы қызықтырмайтын болар. Олар қазіргі жағдайды пайдаланып қалуға тырысады. Олар жазаланады», - деп үкімет басшысы 5-6 адамның мемлекетті арандатып отырғанын айтты.
Премьер-министр фермерлердің өнімдерінің сатып алу құны күрт төмендеп кеткеніне байланысты наразылық ретінде митинг өткізугк шақырғандарды нұсқап отыр. Талас фермерлерінің дені бұршақ (фасоль) өсірумен айналысады. Оның сөзінше, өнім бағасын мемлекет емес фермерлердің өздері анықтайды. Бірақ әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты сатып алу құны түсіп кеткен.
Бүгінде Талас облысында бұршақтың бір килограмы 25 -35 сом тұрады. Былтыр бір килограмы 100 сом болған.