Ссылки доступа

Норвегия соты бұрынғы VimpelCom басшысын тұтқыннан босатты


Норвегияның апелляциялық соты бұрынғы VimpelCom Ltd. телекоммуникация холдингінің басшысы Джо Лундерді тұтқыннан босатты деп хабарлайды экономикалық тергеу және экологиялық қылмыс жөніндегі норвегиялық агенттігі.

Лундерді 5 қарашада VimpelCom Өзбекстанмен коррупциялық мәмілеге келді деген іс бойынша ұстаған. Тергеу ісі бойынша, аталған компания Өзбекстан президентінің қызы Гүлнәр Каримоваға тиесілі Takiland фирмасына 30 миллион доллар төлеген. Лундердің өзі бұл іске қатысы барын теріске шығарады.

VimpelCom Ltd. – әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі. Холдингтің Ресей, Италия, Канада, Украинада, Орталық Азия елдерінде операторлары жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG