Ссылки доступа

Ошта адам ұрлаған күдікті қолға түскен


Ошта адам ұрлап, туыстарынан ақша талап еткен 23 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды жергілікті құқық қорғау органының баспасөз қызметі.

Тергеу ісіне сәйкес, милицияға 40 жастағы қала тұрғыны шағымданып, туысын әлдекімдер ұрлап әкетіп, оны босату үшін 2 мың доллар және астындағы Honda Fit автокөлігін талап етіп жатқанын жеткізген.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы ер азамат ұсталған. Күдікті азамат бұл әрекетке қаржы қиындығынан барғанын мойындаған. Оны уақытше тергеу изоляторына қамап, қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG