Индонезияның Есірткіге қарсы ұлттық агенттігінің басшысы Буди Васезо қолтырауындар адамдарға қарағанда әлдеқайда сенімді, оларды сатып ала-алмайсың деп мәлімдеді.
Жоспар әділет министрлігінің қарауына жіберілген. Ал әзірге агенттік қызметкерлері қолтырауындарды жинаумен айналысуда екен.
Индонезияның қатал заңына қарамастан, түрмелердің өзінде есірткі саудасы үздіксіз жүріп келеді. Түрме күзетшілерінің де бұл іске қатысы бары айтылады. Ел үкіметі есірткі саудасын төтенше жағдаймен байланыстырады. Онда 4,2 млн адам немесе халқының екі проценті есірткі пайдаланады екен.