Жауған жаңбырдың астында қаза болғандардың денесін алып жүрген наразылық акциясына қатысушылар "Бүгін бізді өлтірсе, ертең сізді өлтіреді" деген плакаттарды да қолдарына ұстап шыққан.
Қайтыс болғандардың денесі өткен жексенбіде Забул провинциясынан табылған. Бұл аймақта көп жылдардан бері "Тәлибан" қозғалысына қарсы соғыс жүріп келеді.
Қаза болғандардың ішінде төрт ер адам, бір әйел адам және екі қыз бар.