Байқауды ұйымдастырушы "Қазконтент" өкілі Алтынбек Құмырзақұлының сөзінше, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталары күтіп тұр. Байқауға 5 жас пен 30 жас аралығындағы Нұрсұлтандар қатыса алады екен.
Демократияны дамыту жөніндегі орталықазиялық орталықтың директоры Толғанай Үмбетәлиева байқауды жағымпаздану мен жеке басқа табынудың белгісі деп түсіндіреді.
2012 жылдан бері 1 желтоқсан Қазақстанда Бірінші президент күні ретінде аталып өтіледі.