Редакцияға жазған хатта дәрігерлер мақта алқабынан өзге әлеуметтік қызметкерлердің әлдеқашан кеткенін, тек ғана дәрігерлерді ұстап қалғаны айтылған.
"Дәрігерлерді әлі күнге дейін мақта теруге мәжбүрлеп жатыр. Тіптен түнге дейін жұмыс істегендерді де, таң атпай мақта тергізуге шығарады" делінген хатта.
Ал өзбек билігі биыл үш миллион тоннадан астам мақта терілгенін жариялады.