Ссылки доступа

Бішкек: Сирияда 500-ге жуық қырғыз соғысып жүр


500-ге тарта қырғыз азаматы Сирия аумағында халықаралық террористік ұйымдардың қатарында соғысып жүр.

Олардың 122-сі әйел деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі бас прокурор Индира Жолдыбаеваның сөздеріне сілтеме жасап.

Жолдыбаева бұл дәйекті Сочиде өтіп жатқан Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің халықаралық прокуратура қауымдастығының конференциясында келтірген. Ол сонымен бірге тағы да 500-ге тарта адамның террористік ұйымға қатысы бары анықталғанын айтқан.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, бүгінде Ирак пен Сирияда мыңдаған Орталық Азиядан шыққан азамат соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG