Сапардың басты мақсаты екі ел арасында газ құбырын салу болмақ. Халықаралық Түркіменстан — Қытай магистралды газ құбыры Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан елдері арқылы өтпек.
Түркіменстандық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұл газ құбыры жүйесін "21-ғасырдың ең ірі жобасы" деп атауда.
Қытай бүгінде Түркіменстан табиғи газын негізгі сатып алушы ел.