Ссылки доступа

ИМ Бейруттегі жарылысты өздерінің жауапкершіліктеріне алды


Ливан астанасының оңтүстік маңайында болған жарылыстан 37 адам қайтыс болып, 180 -ге жуығы жараланған.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы Бейруттегі (Ливан) жарылысты өздерінің жауапкершіліктеріне алған.

Осындай мәлімдемені радикалды ислам ағымының жақтастары Твиттерге жариялаған.

Полицияның хабарлауынша, жанкештінің белбеуінде жарылғыш зат болған.

Шабуыл ирандық "Хезболлах" радикалды тобы бақылау жасайтын сауда үйі мен мешіттің кіре берісінде орын алған.

"Хезболлах" тобының әскерлері Сирияда президент Башар Асад жағында соғысып жүр. Ал ливандық сунниттер сириялық оппозицияны қолдайды.

4 жылға созылып келе жатқан қарулы шиеленісте Ливанда зомбылық әрекеттері жиілеп кеткен.

XS
SM
MD
LG