Ссылки доступа

Ташкенттің 150 тұрғыны ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен ұсталды


Өзбекстан астанасында тек соңғы екі аптада 150 адам "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Құқық қорғаушы Сурат Икрамов "Озодлик" радиосына берген сұхбатында олардың дені шетелден елдеріне оралған жұмысшы мигранттар дейді.

"ІІМ министрінің әрбір үйлерге тексеру жүргізіп, тұрғындар туралы мәліметті анықтау жөнінде жарлығы шыққан", -дейді ол.

Өзбекстанның құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, ұсталғандардың көбі "салафит" ағымын ұстанушылар. Олар кәсіпкерлікпен айналысады, террористік ұйымдарға қатысы бар.

XS
SM
MD
LG