Ссылки доступа

Қайтыс болған бес айлық сәбидің анасы Ресейден шығарылды


Дүйсенбіге қараған түні Санк-Петербургтен Душанбеге ұшақпен бес айлық сәби 13 қазанда қайтыс болған Умарали Назаровтың денесі жөнелтілді.

Ол тастанды балаларға арналған сауықтыру орталығында Тәжікстаннан келген мигрант ата-анасынан айырып алынғаннан кейін, бірнеше сағаттардан соң қайтыс болған.

Сол рейспен қайтыс болған сәбидің анасы Зарина Юнусова да кетті. Ол миграция туралы заңды бұзғандықтан депортациялансын деген соттың шешімінен кейін Ресейден кетуге мәжбүр болған. Бұл жөнінде «Коммерсант-Ъ» хабарлайды.

Әкімшілік жазадан кейін Зарина Юнусова енді бес жыл көлемінде Ресейге келе алмайды. Юнусованы депортациялау алдында Санкт-Петербургте және Мәскеуде өткен наразылық акциясына қатысушылар сәбидің өліміне қатысты тергеу істерінің әділетті жүретініне сенімсіздік білдірген. Сонымен бірге сот-медициналық талдау нәтижесіне де сенбейтіндіктерін жеткізген.

XS
SM
MD
LG