Алдын сенбі күні Қазақстан басшысы Франция президенті Франсуа Олландға Париждегі орын алған сериялық терактіден кейін көңіл айту жедел хатын жіберген.
13 қарашада Париждің бірнеше аудандарында теракті болып, кем дегенде 132 адамның өмірін алып кетті. 350 -ге жуық адам жараланды. Шабуылдарды «Ислам мемлекеті» тобы мойнына алған.