Ссылки доступа

Ошта Сирияға үгіттеп жүрген күдікті ұсталған


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында Сирия мен Ирактағы соғыс аймағына үгіттеп жүрді деген күдікті ұсталған. Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 жастағы ер азамат милиция қызметкерлері тарапынан 14 қарашада Оштағы әуежайда Стамбул арқылы Сирияға «арбалған азаматтарды» жібермек болған кезде қолға түскен.

Тұтқындалған Қырғызстанда тыйым салынған «Катибат аль-Имам Бухари» террористік ұйымының құрамына кіреді деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG