Юнусова Ресей билігі жүргізген сот-медициналық талдау сараптамасының нәтижесі негізсіз деп есептейді. Онда Умаралидің өлімі инфекцияның салдарынан болды деген түйіндеме жасалған. «Умарали полиция қызметкерлері алып кеткенге дейін сау болатын. Үнемі дәрігердің қарауында болды», -деді ол.
16 қараша күні таңертең Душанбе әуежайына Санкт-Петербургтен «Сомон Эйр» әуекомпаниясының ұшағы келді. Бортта Ресейден шығарылған Зарина Юнусова болды және оның бір ай бұрын қайтыс болған бес айлық сәбиінің денесі де әкелінген.