Ссылки доступа

Өзбек босқыны: террористер адамдарды өлтіріп жатқанда, «Батаклан» театрының жанында болдым


Соңғы төрт жылдан бері Парижде тұрып жатқан 28 жастағы өзбек босқыны Турабек Сано «Батаклан» концерт залында болған терактінің куәсі болған. Оның сөзінше, атыс басталған кезде, досымен «Батаклан» жанындағы кафеде отырған.

«Бірінші қандай да бір айқай-шу естідім. Бірден түсіну қиын болды. Сосын тағы қайталанды. Содан кейін барып, мұның атыс екенін түсіндік. Кафеде отырғандар мазасызданып, бәрі қауіпсіз жерге тығылуға тырысты.

Қызмет көрсетушілер бірден кафеде ойнап тұрған музыканы өшірді. Кейбіреулері үстелдің астына кіріп кетті. Ешкім ешнәрсені түсінбеді. Бәрінің көздерінде үрей болды», -деді «Озодлик» (өзбек қызметі) репортеріне берген сұхбатында Турабек Сано.

«Батаклан» (Bataclan) концерттік залы– 13 қарашада теракті болған жеті орынның бірі. Әлемдік БАҚ-тың хабарлауы бойынша, ең көп құрбан болғандар осы Батаклан концерт залында. Кем дегенде жүз адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG