Ссылки доступа

Қырғызстанда өзінің қызметкерін атқан шенеунік қызметінен шеттетілді


Өзінің қарамағындағы қызметкерін бірнеше рет травматикалық тапаншамен атқан Мемлекеттік тіркеу қызметі (МТҚ) басқармасының басшысы Эмил Тарыхчиев уақытша қызметінен шеттетілген. Бұл жөнінде Азаттықтық қырғыз қызметіне аталған мекеменің баспасөз хатшысы Мелис Эржигитов хабарлады.

Оның сөзінше, болған оқиғаға қатысты қызмет комиссиясы құрылған. Тарыхчиевке қатысты нақты шешім комиссияның қорытындысынан кейін болады.

13 қарашада МТҚ басқармасының басшысы мен оның қызметкері арасында кикілжің орын алып, Тарыхчиев қарамағындағы қызметкерді бірнеше рет травматикалық тапаншамен атқан. Жәбірленуші ауруханаға түскен. Бұл іспен прокуратура айналысып жатыр.

XS
SM
MD
LG