Олар мұны Парижде болған террористік актімен байланыстырады. Олар федералды биліктен АҚШ-тан босқын мәртебесін алған адамдарды тексеруде сенімді жүйе табуды талап етеді.
2011 жылдан бері Құрама Штаттар Сириядан тек 1500 босқынды қабылдады. Президент Барак Обама олардың санын алдағы жылдары 10 мыңға дейін көбейту жөнінде жоспар бар екенін айтқан. Штат губернаторларында ресми түрде мемлекеттің иммиграциялық саясатын анықтауға құқықтары жоқ. Бірақ олар босқындарды орналастыруда федералды билікпен ынтымақтасудан бас тарта алады. Босқындарды қабылдаудан бас тартқан 26 губернатордың 25-і Республикалық партияның мүшелері.