Ссылки доступа

Ауғанстан Тәжікстанға шекарада мыңдаған көтерілісші барын ескертті


Ауғанстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмат Халил Карзай қыркүйектегі Кундузды шабуылдауға 1300 шетелдік содырдың қатысқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, содырлар Пәкістаннан, Тәжікстаннан, Қытайдан және өзге де мемлекеттерден келген Әл-Каида, Ислам мемлекеті, Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы және Өзбекстанның Ислам қозғалысының мүшелері.

Ауған дипломаты «Ауғанстан содырлардың соңғы мақсаты емес, бұлардың бәрінің аймақтық, әлемдік мақсаттары бар» деп ескертті.

Қыркүйек айының соңында Талибан қозғалысы бірнеше күн Кундуз қаласын басып алған болатын. Ауғанстан үкіметі тек бірнеше күннен кейін НАТО және АҚШ әскерлерінің күшімен оларды ығыстырды.

XS
SM
MD
LG